Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Виктор Легентовтың «La mom Piaf» қойылымына шақырады. Ұйымдастырушылар қойылымның эмоционалды күшке толы болатынына сенімді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Медғат Өмірәлиев «Эдит Пиаф» - өмір мен ұлы француз әншісінің махаббаты жөнінде екенін айтады. Пьеса оның «Менің өмірім» және «Сәттілік балында» атты естелік кітаптары негізінде жазылған.
- Актерлік шеберлік пен әнші өмірінің шынайылығы көрерменді бей-жай қалдырмайды. Расында, оның қысқа әрі жарқын өмірінде тек музыка мен махаббат қана бар. Эдит Пиафтың қайталанбас дауысы – өткен ғасырдың ең танымал дауыстарының бірі. Ол орындаған әндерде құмарлық, мұң, махаббат сезіледі. Әншінің көптеген студиялық жазбалары мен концерттік бағдарламалары үлкен тиражбен граммофон жазбаларында шығарылды. Эдит Пиафтың өзі тек сүюді және сүйікті болуды ғана армандаған жан,- деді Медғат Өмірәлиев.
Спектакльдің қоюшы режиссері театрға арнайы шақырумен келген режиссер, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Ольга Луцива, ал басты рөлді Светлана Кройтор сомдайды. Қойылым ұзақтығы 1 сағат 20 минутқа созылады.