Н.Жантөрин атындағы театр мен қуыршақ театры ұжымы Маңғыстау облысының Түркістан қаласындағы мәдени күндері аясында түркістандықтарға қойылым қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстаулық өнерпаздар Түркістан қалалық балалар сарайында “Кел балалар ойнайық” атты театрландырылған қойылымын бүлдіршін көрермен назарына ұсынды. Маңғаз өлкенің мамандары салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.