Бүгін Жаңаөзен қаласына іргелес орналасқан Кендірлі ауылында мектепті үздік аяқтаған жаңаөзендік түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісін табыстауға арналған «Түлек 2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева арнайы қатысып, түлектерге алдағы өмір жолына сәт-сапар тілеп, жас түлектердің «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады.
Шара барысында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Темір Мусаев, Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаты Бердіғали Берекетов ұстаздар мен түлектерге өз тілектерін білдіре отырып, Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақовтың «Алғыс хатын», сонымен қатар кәсіпкерлердің қаржылай сыйақысын табыстады.
Айта кетейік, биыл Жаңаөзен мектептерінен 1485 мектеп бітіруші түлеп ұшты. Оның 29-ы «Алтын белгі», 139-ы «Үздік аттестат» иегері атанды.