Ақтауда және Қазақстанның алты қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынды. «Қолжетімді спорт» жобасының Ақтау қаласындағы операторы - «Astana Art Group» ЖШС мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Маңғыстаулық тұрғындар үшін скандинавиялық жүріс, жүгіру, каратэ, үстел теннисі және фитнес қолжетімді.
Спорт залдарда фитнес, үстел теннисі және каратэ сабақтары ұйымдастырылған. Жүгіру және скандинавиялық жүріс теңіз жағалауында өтеді. Мамыр айынан бастап фитнес және каратэ сабақтары да саябақтар мен қала алаңдарында ашық ауада өтеді.
Оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Сабақ көбінесе кешкі сағат 17:00-де басталады. Бір сабақтың ұзақтығы - 1,5 сағат. Фитнес сабақтарынан басқа спортқа жас шектеулері жоқ.
Жобаның сабақ кестесі, жоба туралы нақты ақпараттар, хабарландырулар және фото/бейне есептер Instagram желісіндегі @dostupnyi_sportkz парақшасында тұрақты түрде жарияланады. Жаттығуға + 7-747-446-18-51 нөмірі бойынша жазылуға болады.