Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.
Нысан Болашақ тұрғын үй массивінде ашылды. Аумағы 450 шаршы метрді құрайды. Құрылысы шілде айында басталған болатын. Енді, міне тұрғындардың игілігіне берілді.
Атымтай жаңалыққа қуанған оқушының бірі 14 жастағы Еламан Жалғасов. Ол үйінен ұзамай-ақ, достарымен бос уақытын өткізетініне дән риза.
- Алғашқыда ойын алаңын салып жатқанда қашан бітеді екен деп асыға күттік. Енді күнде келіп, әбден шаршағанша достарыммен осында футбол ойнаймын. Бір жақсы жері доп машина жолға домалап кетпейді. Жан-жағы қоршалған. Жасанды төсеніші жұмсақ. Өзімізді нағыз аяқдопшылардай сезінеміз. Маған шетелдік футболшылардың ойыны ұнайды. Мен де солардай мықты ойыншы болуды армандаймын,-деді Еламан Жалғасов.
Ауылдық округ әкімі Нұралы Жұмаев арнайы барып, жасыл алаңда теңбіл доптың соңынан қуған балалармен жүздесті. Бүлдіршіндерге ізгі тілегін айтып, вандалдық іс-әрекеттер жасамауды сұрады.