Шетпе ауылындағы теміржолда жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
4 желтоқсан күні сағат 04:50 шамасында 102 кезекші пультіне Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы теміржол жолдарындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту келіп түскен.
"Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, рельстерге шығып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасады. Оқиға салдарынан 42 жастағы автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», деді МО полиция департаменті таратқан ақпаратта.