Ақтаудың 16-шағынауданында орналасқан "LePes Primera" тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жанданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасай отырып.
Облыс әкімдігінің тelegram каналындағы желі қолданушы "LePes Primera" түрғын үй кешені 2017 жылы басталғанын, оны 2020 жылдың төртінші тоқсанында аяқтауға уәде бергенін айтты. Алайда мерзімі созылып, құрылыс тұрып қалған. Қала тұрғыны осы мәселеге әкімдіктен көмек сұрады. Мән-жайды Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары түсіндірді. Белгілі болғандай, құрылыс мекемесінің қаржылық қиындықтарына байланысты жұмыс тоқтаған. Бірақ қазір сең қозғалып, жұмыс қайта жүре бастапты.
- Қазіргі уақытта тұрғын үйдің 9-10 қабаттарында тас төсеу жұмыстары басталды. Бұл нысан Ақтау қаласы әкімдігінің қатаң бақылауында, - деді ведомство мамандары.
Облыс әкімдігінің тelegram каналы ашылғаннан бері 5 861 сұрақ түсті, олардың 5825-іне мамандар жауап берді. Каналға 9 498 адам тіркелген.