Ақтауда 15-қазан күні «Күш қуат» атты турник пен брусьяда тартылудан жарыс өтті. Шараға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайыстың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту. Жарысқа 18 жастан асқан 60-қа жуық қала тұрғыны қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс Ақтау қаласында алғаш рет өткізілді. Шара барысында Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
-Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жарысқа қатысушылар!Баршаңызды облыс және қаламыздың мерейлі мерейтойымен құттықтаймын. Бүгінгі жарыстың салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор. Жалпы спортпен шұғылдану дегеніміз бұл денсаулықты сақтау және нығайту. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Атап айтқанда, І орын және 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа Дамир Набиев ие болды. Айдос Сүйіндік ІІ орын мен 150 000 теңгені жеңіп алды. Ал ІІІ орын жіне 100 000 теңгені Рамазан Қанат иеленді.