Маңғыстаулық дәрігер смартфон қолданысын азайту арқылы денсаулықты түзеуге болатынын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дәрігер терапевт, халықаралық anti-age expert мектебінің резиденті Әйгерім Қуандықова смартфонды кемі 3 күн немесе көбі 30 күн ұстамай, «дижитал детокс» жасау арқылы апатия, стресс, депрессия ауруларынан айығып, ағзадағы табиғи дофаминді көтеруге болатынын айтты.
Дәрігердің айтуынша дофамин –нейромедиатор гормон. Мида көптеген млрд-таған нейрондар бар. Нейрон дегеніміз - мидың жасушалары. Әр жасушаның өзінің синапсы бар. Жасушалар синапстар арқылы бір-біріне хабар беріп отырады. Осылайша жасушалар бір -бірімен тығыз қарым- қатынаста болады.
«Ал гормон жағына келетін болсақ, біз білеміз ағзада бүйрек бар, екі жұп орган, соның жоғары жағында бүйрек үсті безі орналасқан. Одан көп гормон өндіріледі. Соның бірі –дофамин. Дофаминді нейробиологияда мотивацияға, амбицияға итермелейтін гормон деп атайды. Сонымен қатар, ол есте сақтау және ақыл-ой жұмысына жауап береді, оқуға көмектеседі. Дофаминнің нейробиология жағына келетін болсақ, оның екі түрі бар. Негізгі дофамин және жалған, нашар дофамин. Олар ағзада әткеншек секілді жұмыс жасайды. Екеуі де тең болу керек. Адам оларды баланста ұстап отыру керек. Екеуі өзара жақсы деңгейде болса таңертең адам оянғанда өмірге деген құштарлықпен, тау қопарардай сезіммен, кез келген істі атқаруға қабілетті болып тұрады. Бірақ қазір бұл баланс көп адамдарда жойылған. Балалардың өзі негізгі дофаминмен емес, нашар дофаминмен өмір сүріп жатыр»,- дейді врач терапевт Әйгерім Қуандықова.
Оған себеп - ересек болсын, бала болсын қазір көпшілік адамдардың смартфонды үздіксіз пайдалануы. Бұл тәуелділік олардың оқу үлгеріміне, ұйқысына және жалпы өмір сапасының нашарлауына әсер ететіні анықталды. Ұлыбританиядағы Royal Society for Public Health зерттеуіне сәйкес, Instagram психикалық денсаулық, өзін-өзі бағалау және өз болмысына көңілі толмайтын жастар үшін ең қауіпті әлеуметтік желі болып саналады.
Дәрігер үнемі әлеуметтік желілерді қарап отыруды әдетке айналдырып, интернет желісіндегі скроллингке байлану адамда нашар дофаминнің көтерілуіне алып келетіндігін айтты.
«Ал нашар дофамин гормоны көтерілсе адам ағзасында түрлі аурулар бой көтере бастайды. Яғни жалған, нашар дофаминнің көбеюімен ағзада түрлі өзгерістер орын алады. Нашар дофаминнің тұзағына түскендер өзінің қандай өмір сүріп жүргенінін түсінбейді. Нашар дофамин ағзада жоғары болып тұрса ол адамда ешқандай амбиция, қызығушылық болмайды» дейді Әйгерім Қуандықова.
Нашар дофаминнің балалар ағзасында орын алуы бала болашағына қауіп төндірмек. Бала зейінінің тұрақсыз, өзі агрессивті болуына немесе тым баяу ойланып, ойын жинақтап нақты нәрсені көрсетіп, айта алмауға да алып келеді.
Неврологтар балаға күніне 15 минуттан артық беруге болмайтындығын айтады. Ал ересек адамдар смартфонды күніне 1 сағат қана қолдануы керек.
«Сапалы дофамин ді қайдан аламыз, ол ағзамызда қалай өндіріледі деген сауалға келсек, адам ой еңбегімен, қол еңбегімен, спортпен айналысып, кітап оқу, таза ауада жүру, ауылдық жерге бару, табиғат аясына шығу секілді тірі көріністерді көруі тиіс. Сондай-ақ, аң -құс, бұлақ, теңіз дауыстарын есту, әдемілікке тамсану, сүйсіну, оның бәрін жүрекпен сезіну арқылы адам өзіндегі негізі дофаминнің көтерілуіне ықпал келеді. Мұндай негізгі дофаминнің көтерілуі ми жұмысының артуына, түрлі идеялар туындауына, өмірге құштарлыққа, мотивация алуына әсер етеді. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, жасыл, жемістер мен көкөністерді жеп, салауатты өмір салтына көңіл бөлінсе дофамин өте жақсы деңгейде көтеріліп, адамның тұла бойына тарайды екен. Негізгі, жақсы дофамин гормоны көтерілген жағдайда адам ағзасында оң өзгерістер жүре бастайды, адам сырқатынан айығады»,- дейді дәрігер терапевт Әйгерім Қуандықова.
Қорыта келе, дәрігердің мәлімдеуінше ағзамыздағы қос дофаминнің бірі - прогресске, бірі -регресске қарай жетелейді. Егер өзіңізді алға қарай дамытамын , өмірде түрлі жобаларды алып жүріп, жақсылықтар жасап, қоғамның сау, әрі белсенді мүшесі боламын деген адам өз ағзасында жақсы дофамин гормонының бөлінуін қалыпта ұстауы керек. Ал регресске жетелеп, үнемі шаршау, стресс, ашушаңдықпен жүрудің соңы теріс дофаминнің туындауына әкеп, ауру табумен аяқталады. Теріс дофаминді алудың негізгі көзі смартфон болғандықтан, оны пайдалануды шектеу қажет.
Осы орайда дәрігер әрбір адам «дижитал детокс» ұстануды ұсынды. Яғни смартфон пайдаланудың арнайы шекті уақытын қою немесе 3 күн мүлдем ұстамау, ерік күші жетсе 30 күн смартфонсыз, интернетсіз өмір сүру. Дәрігердің кеңесінше сапалы дофамин ұзақ уақытқа мотивация береді, бойыңыздағы сырқаттардан айықтырады. Ал арзан дофаминге тойып алғандар тек біреудің өміріне қызығумен немесе үнемі агрессивті пікір жазумен өмірін жалғастыра береді.