Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының клиникалық диагностикалық лабораториясы дұрыс диагноз қоюға, емдеу әдісін таңдауға, аурудың болжамын анықтауға байланысты бірнеше анализдік зерттеулер жүргізеді,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйеніп.
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, клиникалық диагностикалық лаборатория бөлімінің аға-лаборанты Жанар Булданованың айтуынша жүргізілген зерттеулердің сапасын күнделікті бақылауда ұстап, қадағаланып отырады.
- Облыстық балалар ауруханасының лаборатория бөлімінде шұғыл және жоспарды жағдайдағы анализдерді өңдеуге мүмкіндігіміз бар. Ол үшін арнайы аппаратымыз да жеткілікті. Шұғыл жағдайдағы талдаулардың нәтижелерін жарты сағат ішінде алуға болады. Біз алдымен барлық келіп түсетін қан анализдерін центрифугадан өткіземіз. Тексеріп, зерттеу жүргіземіз, сұрыптаймыз, содан кейін оларды аппаратқа саламыз. Әрбір түтікте әр науқасты анықтайтын штрих-код бар. Әрі қарай, ақпарат құрылғы арқылы оқылады және компьютерге жіберіледі, дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, клиникалық диагностикалық лаборатория бөлімінің аға-лаборанты Жанар Булданова.
Мамандардың айтуынша Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасында күніне 200-ге жуық талдау өңделеді. Әрбір талдаудың өзіндік параметрлері болады.
- Зертханада жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, биохимиялық талдау, (кал) нәжіс талдауы, (соскоб) балалардан құрттарға алынатын жұғынды, (қан коагулограммасы) қанның ұю жылдамдығына талдау жүргізіледі. Жалпы қан талдауы күніне 80, биохимиялық анализ 40, жалпы зәр анализі 90-нан асады. Зерттеу қорытындыларының барлығы күнделікті "КМИС" атты медициналық ақпараттық бағдарламаға енгіземіз. Ары қарай зерттеу қорытындысына сай, дәрігерлер жұмыстарын жалғастырады, - деді Жанар Булданова.
Айта кетейік, сапалы медициналық көмек көрсету үшін зертханалық нәтижелердің маңызы зор. Науқасқа дұрыс диагноз қойып, одан әрі емдеуде шешім қабылдау талдауға байланысты болады.