Бүгін облыста жалпыға бірдей сейсмикалық жаттығулар жүргізілді. Оған өңірдегі 380 кәсіпорын мен ұйым, білім беру ұйымдары қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Негізгі мақсат - халықты түрлі төтенше жағдайларға, соның ішінде ықтимал жер сілкіністеріне дайындау.
Тренинг барысында «Баршаның назарына!» ескерту сигналы қосылды.