77 жасқа қараған шағында «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Маңғыстау өңірінің білім саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ұстаз Қосай Ордалы Мұханұлы өмірден өтті.
Ордалы Мұханұлы 1947 жылы Маңғыстау ауданы,Тұщықұдық ауылында туған.
«Құрмет» орденінің иегері, «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, Ы.Алтынсарин белгісінің иегері, Ш.Есенов атындағы университет дамуына қосқан үлесі үшін медалінің иегері, ардагер ұстаз, математика пән мұғалімі.
1967 жылдан бастап, 56 жыл бойы білім беру және ұлттық тәрбие беру ісімен үздіксіз айналысқан ұстаз. 1972 жылы Гурьев облыстық педогогикалық оқуларда математика секциясы бойынша үздік мұғалім атанды. Қазақ тілі мен әдебиетінің жанашыры. Ұлттық мектеп моделін жасауды насихаттады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанына құрылған алғашқы этнопедагогика және этнопсихология орталығының құрылтайшыларының бірі. Білімнің мазмұны, игерілуі, сапасы, тексерілуі, ұйымдастырылуы туралы идеялары республикада қоғамдық пікір қалыптастырып, оқушы білімін бағалаудың сыртқы жүйесін, дамытудың, баға нормаларын түрлендірудің, ҰБТ-ге адалдық принциптерін орнықтырудың, жалпы білім беретін орта мектеп бітірушілеріне көпшілік қолды мамандық берудің, арнаулы орта оқу орындарында тегін оқытудың тиімділігін дәлелдеді. Осы ұсыныстары ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Білім Академиясының Халықаралық конференциясына қойылып, Білім Академиясының Сертификаты берілді. «Маңғыстау» энциклопедиясының авторларының бірі. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласына орай «Ұлттық код» ғылыми туындысына ҚР Мәдениет Министрлігі Алғыс білдірген және ҚР Әділет Министрлігінің авторлық құқығы куәлігі берілген.
Қосай Ордалы Мұханұлы- көп жылдардан бері облыстық білім басқармасы жанындағы ардагер ұстаздар ұйымының жетекшісі болды. «Ұлағат ұясы» және «Кешені көрсін бүгінгі» танымдық жинақ кітаптары тағылымы мол еңбек ретінде аймақтық ұстаздар қауымының көмекші методикалық құралына айналған.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ