15 қазандағы көрсеткіш бойынша қаладағы 427 тұрғын үйге жылу берілді, оның бесеуінде жеке қазандықтар іске қосылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының хабарлауынша, кейбір үйлерде қысымның төмендігінен жылыту жүйесінде кедергілер бар.
Ал "МАЭК" ЖШС баспасөз қызметінің айтынша, мекемеде қысымға қатысты ешқандай мәселе жоқ.
- Магистральдық желілерге қысым беріліп, айналым іске қосылды. Егер ыстық су қысымы төмен болып, мәселе туындаса, ол - тұрғын үй желілеріне қатысты, - деді мамандар.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жылу желілеріндегі жарылыстан пайда болған субұрқақтардың видеосы да тарады. Бұл ақаулармен "КЖСА"МККайналысуда. Желілердегі ақаулар туралы ақпарапен кәсіпорын өкілдері кейінірек бөліспек.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда барлығы 1217 көппәтерлі тұрғын үй бар.
Жылу желілеріне қосылуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар ПИК немесе МИБ қызмет көрсету ұйымына, сондай-ақ "ҚЖСА" МКК-ға 60-53-16, 60-53-22, What's App: 87004308024 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.