Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия пара ойындары басталды. Дүбірлі сынға қазақстандық спортшылармен бірге Маңғыстау мүгедектер спорт клубының үстел теннисінен спортшысы Мейірбек Өтеп те қатысуда. Аспан асты елінде жүрген спортшы отандастарын Республика күні - Ұлттық мерекесімен құттықтады.
Екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған Мейірбек Өтепов – тағдыр тауқыметімен бір аяқ, бір қолынан айрылса да өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған ерік-жігері мықты жан. Мейірбек бүгінде Ақтау қалалық мәслихатының депутаты
Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!
#republicday