Мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Маңғыстау облыстық филиалына қарасты АХАТ бөлімінде азаматтардың төл құжаттары салтанатты табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Дәлірек айтсақ, отау құрған жұбайлар мен жеке төл құжаттарын алған тұрғындарға филиал директоры Айбек Мұзбаев құттықтау хаттармен естелік сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында жыл басынан бері 84 547 жеке куәлік пен төлқұжат берілген. Шілде айынан бастап, үш ай ішінде 1645 неке тіркелген.
Бүгінде жеке басты куәландыратын құжат пен неке куәлігін алу үшін кез-келген ХҚКО-на жүгінсеңіз болады. Сонымен қатар, АХАТ функциясының жұмысы да еш өзгеріссіз жүзеге асырылуда. Азаматтар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде өткізуді таңдай алады.
Қызмет алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.