Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі қала аумағында орналасқан заңсыз дүңгіршектерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында 4 заңсыз дүңгіршек анықталды.
Осыған байланысты, “Қала жолдары” ЖШС және “АЕЖД” МКК қызметкерлерін тарта отырып, иесі анықталмаған заңсыз дүңгіршектер айыптұраққа жеткізілді.