Жұмыс барысында бақилық болған ІІО қызметкерінің отбасына көмек көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қызмет бабында қаза тапқан ІІО қызметкері Абишев Ержан Серікжанұлының отбасына Департамент бастығының тарапынан көмек көрсетілді.
Абишев Ержан Серікжанұлы — 1976 жылы желтоқсан айында дүниеге келген. Қызмет жолын Маңғыстау облысы ІІБ патрульдік-бекет қызметінің милиционері лауазымынан бастаған. 1997 жылы 21 жасында қызметтік міндеттерін өтеу барысында мерт болды. Ержанның әкесі – Абишев Серікжан да осы салада жұмыс істеп, зейнетке шығып, кейін үлкейіп қайтыс болған.
Отбасының ұйытқысы, қос тірегінен айырылған Сағира апамыз пәтеріне жөндеу жұмыстары қажет екенін айтып, ведомство басшылығына жүгінген болатын. Облыстың бас полицейі ана сөзін жерге тастамай, өтінішін орындап берді. Үй иесі полицейлерге, Департамент басшысы Аян Сабитұлына алғысын айтты.