2022 жылдың 4 шілдесінде Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласының Шаңырақ шағынауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, заңсыз ойынхананы анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Үй-жайды тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық аппарат және қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
Аталған дерек Жаңаөзен қаласы ПБ АЕК тіркелді және процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған іс-қағаздар Маңғыстау облысының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.