Бұл еліміз Тәуелсіздік алғалы қалада пайдалануға берілген екінші инватакси. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған көлік заман талабына сай, соңғы үлгіде жабдықталған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа көлік қала ішінде және қалааралық бағыттарға тапсырыстар қабылдап, тасымалдау қызметін жандандыру жоспарлануда.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған инватакси көлігін қолданысқа беру “Amanat” партиясының сайлауалды бағдарламасының 91-93 тармақтарын орындау мақсатында жүзеге асып отыр.
-Инватакси қызметі 2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес тасымалдау қызметін көрсетеді. Қазіргі таңда қала және оған іргелес орналасқан елді мекендерде 5000 жуық мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде инватакси қызметін пайдалаушылар саны – 497»,- дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұ.Орынбаева.