Маңғыстау облысында құрбан айт мерекесіне орай, 9 шілде күні кейбір автобустар тегін қатынайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 қоғамдық көліктері тегін қатынайды. Сонымен қатар, ауданаралық №103, 104, 105, 106, 107 автобусы мен «Ақтау-Қызылтөбе-2 – Ақтау», «Ақтау – Батыр – Ақтау», «Ақтау – Ақшұқыр – Ақтау», «Ақтау – Сайын Шапағатов – Ақтау» бағытындағы автобустар да тегін жүреді.