• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Оқырмандар үшін жағымды жаңалықтарымыз көп

[ 2019 ] 4 сәуір, 05:28  |  Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстау жұртының тыныс­-тіршілігінің айнасы саналатын «Маңғыстау-Медиа» – өңірдегі қоғамдық маңызы зор беделді басылымдарды бір арнаға тоғыстырған орталық. Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен «Маңғыстау­-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) 2013 жылы 4 ақпанда ҚР Әділет министрлігінде заңды тұлға болып бекітілді. «ММ» холдингіне облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау», қалалық «Жаңаөзен», Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», Бейнеу аудандық «Рауан», Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы», Қарақия аудандық «Қарақия», Мұнайлы аудандық «Мұнайлы» газеттері кіреді. Сондай-­ақ mangystaumedia.kz сайты жұмыс істейді. «Маңғыстау-­Медиа» холдин­гін құруға атсалысқан Тельман Бейсенов сол кезеңнен­-ақ директордың міндетін атқарушы болды. Холдингті 2014­-2015 жылдар аралығында Ғалымжан Мелдешов басқарды. 2015 жыл­дың қаңтар айынан қарашаға дейін Маңдайлы Қосымбай директор болып қызмет етті. 2015 жылдың қараша айынан бастап Дархан Уәлиханов басқарды. 2017 жылдың маусымынан биылғы ақпан айына дейін Сағындық Рзахметов басқарды. Ал наурыз айында холдинг директоры болып Айсұлу Дутбаева тағайындалды. Наурыз айының аяғында әріптестермен ынтымақтаса жұмыс істеу мақсатымен Ақтөбе облысына іссапарға шыққан Айсұлу Қабышқызы «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншинмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда көрсетілген бағыт бойын­ша екі жақ өзара тиімді қарым-­қатынасты нығайта түсетін болады. Сондай-­ақ екі жақ ақпарат алмасу, тәжірибе алмасу, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу, халық­аралық конференцияларға, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу сияқты бағыттарда көптеген игі шараларды бірлесе атқарады. - Біздің таңдауымыз «Ақтөбе Медиаға» тегіннен­-тегін түскен жоқ, – дейді Айсұлу Дутбаева. – Мені, ең алдымен, бұл меке­менің тарихы өз алдына, оның даму барысы да қызықтырған болатын. «Ақтөбе Медиа» гүлденген үстіне гүлдене түсуде. Оның директоры Раукен Сегізбайұлы – мол тәжірибелі кәсіби маман. Меморандум қа­ғаз жүзінде қалған жоқ, жұмыс басталып кетті. Бас есепшіміз сол жерде 3 күн оқып, тағылымдамадан өтті. Қазір бізде жаңадан ашылып жатқан коммерциялық бөлімнің қызметкері Жеңісбек Айтқұлов «Ақтөбе Медиада» оқып жатыр. Жеңісбек Пекинде менеджмент мамандығын оқып келген жігіт қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген. Жасыратыны жоқ, «Маңғыстау­-Медиа» холдингі деген әдемі атауы болғанымен, мекеме облыс орталығының 3­-шағын ауданындағы еш жағдай жасалмаған ескі ғимаратта орналасқан. Осы жағына басты назар аударған «Маңғыстау­-Медиа» хол­дингінің директоры жаңа ғимаратқа көшіру мәселесін бірінші орынға қойып отыр. - Оқырмандар кез келген уақытта оңай тауып алуы үшін холдинг ғимараты қаланың орталығында болуы керек. Өкінішке орай, біздегі жағдай басқаша. Ақтөбе қаласында «Ақтөбе Медиа» деген аялдама бар. 4 қабатты әсем ғимаратта орналасқан мекеменің баспаханасы да өзінікі. Ал біз тапқан табысымыз­дың көп бөлігін баспаханаға шығындап отырмыз. Келешекте ірі сауда орталықтарын­да хабарландырулар қабылдайтын нүктелер ашып, баспахана мәселесін де шешпекпіз. Сондай­-ақ басты түйткілдердің бірі – қыз­меткерлеріміздің жалақысы. Біздің жур­налистеріміз бүгінде қолдарына 110-­115 мың теңге жалақы алады. Айналамыздағы адамдар 150 мың теңге жалақыны аз кө­ріп отырғанда, бұл – қынжылтарлық жайт. Осының барлығын өз көздерімен көріп, жазып жүрген журналистерімнің алдында мен қатты ыңғайсызданамын. «Сен жақсы жазасың, мықты журналистсің» деп, басынан сипап қоятын заман жоқ енді. Сондықтан журналистеріміздің қолдарына алатын ай­лығы 200 мың теңгеден кем болмау жағын қарастырып отырмыз. Қаламақы жүйесін де қалыптастырамыз. Ескі жүйеден шығып, бонустық жүйеге көшуіміз керек. Журналист әр жазған ақылы мақаласынан кем дегенде 20­-30% бонусын алуы тиіс. Ынталандыру дегеніміз – осы, – деген Айсұлу Қабышқызы қызметкерлердің үмітін оятты. Газет­-журналдардың әу бастан оқырман­дар қолына пошта арқылы жететіні белгі­лі. Алайда мекеме кірісінің 50 пайызы осы «Қазпошта» қызметіне шығындалып жатады. Ал аудандарға газеттер уақытынан кешігіп, аптасына бір рет жеткізілетіні жөнінде түсіп жатқан шағымдар аз емес. А.Дутбаеваның айтуынша, егер «Маңғыс­тау­-Медианы» ашықтан-­ашық тонап келе жатқан «Қазпошта» холдингпен келісімге келе алмаса, газет тарату жағын мекеме өз қолына алмақ. Оның өз жолдары бар. Дегенмен холдинг директоры «Қазпоштамен» келісімге келуден үмітті. - Бұйырса, алдағы жарқын күндерге осындай ауқымды жоспарлар бар, – деді ол. – Айтылған мәселелердің оң шешілуіне облыс әкімдігі, ішкі саясат басқармасы, облыстық қаржы басқармасы қолдау көрсетеді деген сенімдеміз. Холдингтің сыртқы бейнесі де өзгереді. Бірақ ұзақ жылдық тарихы бар басылымдардың атауын өзгертіп, өткенімізге қиянат жасауға құқымыз жоқ. Оқырмандарымызға сүйіншілей жеткізе­тін басқа да жағымды жаңалықтарымыз бар. Жақында «Маңғыстау­-Медианың» жаңа сайты ашылып, оқырмандар қалаған газетіне электронды жазыла алады. Газеттерде жас тілшілерге, балаларға арналған беттер болады. Оқырмандар, балалар түрлі конкурстарға қатысады. Екінші тынысы ашылып отырған «Маң­ғыстау-­Медиа» таяуда аудандарға шығып оқырмандармен кездеседі. Құрамында әр­тістер, спортшылар мен журналистер болатын бригада екі ай бойы қызықты акция өткізеді. Газеттердің ең белсенді және ең жас оқырмандары, газеттерді көп жылдардан бері үздіксіз жаздырып алып келе жатқан оқырмандар «Маңғыстау­-Медианың» арна­йы төсбелгісімен марапатталады. Сүйікті оқырмандарымызды бұлардан да басқа қы­зықты жаңалықтар күтіп тұр. Бізбен бірге болсаңыздар, тамаша жайттарға куә боласыздар, қадірлі оқырмандар!

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

1640
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
маңғыстау жаңалықтары анонс мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау медицинасының мәселесі талқыланды

Келесі жаңалық

«Өзенмұнайгаз» АҚ жаңа бас директор тағайындалды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Оқырмандар үшін жағымды жаңалықтарымыз көп

    [ 2019 ] 4 сәуір, 05:28
    1641

    Ақтаулық депутаттар өз сайлаушылары алдында есеп беруді бастады

    [ 2018 ] 5 желтоқсан, 11:11
    1259

    Шетпеден шыққан шаң

    [ 2018 ] 18 қазан, 11:03
    2175

    Ақтауда оқушылар сыныптасын байлап, басына жұмыртқа лақтырған

    [ 2018 ] 10 қазан, 12:20
    1979

    Күмісқалиев: "Құрықтағы су мәселесі 4 күнде шешіледі"

    [ 2018 ] 19 шілде, 11:19
    1490

    Жағалаудағы жерді заңсыз басып алған жекежай иелері сотқа берілді

    [ 2018 ] 13 шілде, 13:47
    1520

    Рубрикалар

      Әлем жаңалықтарыРедакция туралыДенсаулықРедакция ұжымыБайланыс мәліметтеріМәдениетанонсЖастар бетіҚазақстан жаңалықтарыСараптама

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2725

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2453

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2291

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2954

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2596

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2491

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»