dutbayeva Айсұлу Дүтбаева

Маңғыстаудағы облыстық, аудандық ірі басылымдар мен mangystaumedia.kz сайтын біріктірген орталық –  «Маңғыстау-Медиа» ЖШС басшысы болып Айсұлу Дүтбаева тағайындалды. Ол бұған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Әлеуметтік, әкімшілік-шаруашылық жұмыстар және ішкі коммуникация департаментінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесші болып қызмет еткен. 

Айсұлу Қабышқызы Дүтбаева 1977 жылы 8 наурызда дүниеге келген.

Семей мемлекеттік университетін «Тәжірибелік психолог, білім беру менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жазғы мектебін «Медиа және PR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» бағыты бойынша бітірген.

Журналистикадағы еңбек жолын «Қазақстан» ұлттық телерадио корпорациясының Ақтөбе облысындағы филиалында журналист-редактор болып бастаған.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының Атырау облысындағы филиалында журналист, жаңалықтар блогының редакторы болып қызмет еткен.

«Атырау-ақпарат» МҚК қарасты «Жайық-ақпарат» баспасөз-клубында бас менеджер болып жасаған.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облыстық филиалында баспасөз қызметінің басшысы болды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы болып еңбек еткен.

Бірнеше жыл жеке кәсіппен айналысқан.

Айта кетейік, «Маңғыстау-Медиа» – облыстағы қоғамдық маңызы зор беделді басылымдарды бір арнаға тоғыстырған орталық. Маңғыстау облысы әкімдігінің Қаулысымен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС 2013 жылы 4 ақпанда ҚР Әділет министрлігінде заңды тұлға болып бекітілді. Холдингке облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау», қалалық «Жаңаөзен», Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», Бейнеу аудандық «Рауан», Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы», Қарақия аудандық «Қарақия», Мұнайлы аудандық «Мұнайлы» газеттері кіреді. Сондай-ақ mangystaumedia.kz сайты жұмыс істейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз