Желіде биіктен құлап мерт болған 16 жасар қыз туралы нағашысының көп жылдар бойы зорлауынан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс полициясы 2006 жылғы, кәмелетке толмаған қыздың зорлау фактісі негізіндегі арызы жан-жақты зерттеліп, тексеру жүргізілгенін айтады.
Тергеу барысында кәмелетке толмағанның уәждері толығымен тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері мен сот-медициналық сараптамалар (сот-медициналық, психологиялық және психиатриялық) жүргізіліп, нәтижесінде зорлау фактісі расталмаған.
Іс бойынша прокуратурамен келісілген қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы қаулы шығарылды.
«Осыған ұқссс қылмыстар бойынша жасалған әрбір әрекет фактісі толық тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері мен тиісті сараптамалар кешені жүргізілуде», - деп хабарлады облыстың полиция департаменті өкілдері.