Жөндеу жұмыстарына байланысты 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында кезең-кезеңімен бірнеше жол жабылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Ақтау қаласы облыстық әкімдік ғимараты жол қиылысынан 29 шағынаудан АққалаМолл сауда орталығындағы орталық автомобиль жолына ағымдағы шұңқырлы жұмыстарын жүргізу мақсатында, аталған автомобиль жолының бір бөлігі 30.09.2022 ж. - 05.10.2022 ж. аралығында кезең-кезеңімен жабылады.
1. Облыстық әкімдік ғимараты жол қиылысынан 11ш/а 23 үй аралығы және 11 ш/а Мечта С/О аралығы
2. Мечта С/О-мен 27 ш/а 72 үй аралығы және 27 ш/а 6 үй арты
3. 27 ш/а Ш. Есенов университеті жатақханасымен 26*27*28*28а ш/а жол қиылысы аралығы
4. 29 ш/а Ажар тұрғын үй кешенімен Адас С/О аралығы.