Кеше марафон-бәйгенің 11 күні өтті. Маңғыстаулық шабандоздар 1 100 шақырымды артқа қалдырып, көш бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жетісу облысы екінші боп мәре сызығын аттаса, үшінші орынды Түркістан облысы алды.
Енді бүгін «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгенің соңғы күні. Шабандоздар 100 шақырымды еңсеріп, Түркістан облысында мәреге жетуі керек. Қазіргі таңда осы уақытқа дейін аттары сүрінбеген Маңғыстау, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының шабандоздары бәйгеде бақ сынап жатыр.