Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды реттеу мәселелерін талқылау, шешімдерді әзірлеу бойынша талқылау өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін жергілікті атқарушы органдар осылай есеп берудің бірыңғай күнін өткізіп тұрады.
Өткен жылы бірыңғай есеп беру күнінде кәсіпкерлер палатасы бизнеске қысым көрсету индексіне қатысты сұрақтар көтерген болатын.
Бүгінгі отырыста кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Асылбек Жарылғасов ағымдағы жылдың 8 айында палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша атқарған жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Мәселен, «кәсіпкерлік қызметті қорғау бағыты» бойынша 66 өтініш қаралды (2021 ж. - 61), оның ішінде 37 (2021 ж.-43) өтініш бойынша кәсіпкерлердің құқықтары толығымен қорғалған.
Көбінесе кәсіпкерлік субъектілері Палатаға жер мәселесі, сатып алу, сәулет-құрылыс, салық, табиғи монополиялар мәселелері бойынша жүгінеді екен.
«Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Жыл басынан бері 7 отырыс өткізілді. Кеңестің отырысы өтіп, онда 11 мәселе қаралды.
Отырыстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға 14 ұсыныс енгізілді, оның 10-ы бүгінгі таңда қолдау тапты, ал 4-еуі қаралуда», - деді ол.