Жаңаөзен қаласындағы Әмин Тұяқов атындағы стадионда еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жарысқа 200-ге жуық балуан қатысты. Олардың ішінде Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданынан командалар келді. Жалпы нәтиже бойынша командалық есепте Жаңаөзен қаласы 1-орынға ие болды.
-Облыстағы спортшы балалардың деңгейін тексеріп, бақылап қатыстырдық. Жарыс екі күн өтті. Алғашқы күні қатысушылардың салмағы есептелді. Барлығы 19 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті, - деді еркін күрестен облыстық аға жаттықтырушы Аслан Нұрмағанбетов.
Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды 26 келіде ойын көрсеткен Мансұр Жұмабай, 32 келі салмақ бойынша Абылайхан Аманали, 41 келі салмақ бойынша Нұрасыл Қазбай, 44 келі салмақ бойынша Солих Нұрланұлы, 51 келі салмақ бойынша Абдулқадыр Өтеулі, 65 келі салмақ бойынша Қуандық Абдықалиев алды.
Ал ІІ-орын 38 келі салмақ бойынша Бессері Мұқанға, 44 келі салмақ бойынша Жарас Джамбуловқа, 45 келі салмақ бойынша Ибрахим Эмиродинға, 51 келі салмақ бойынша Бек Халмуратовқа, 65 келі салмақ бойынша Нұрдаулет Мұқашқа және 80 келіден жоғары салмақ бойынша Нұрдаулет Уткелбаевқа бұйырды.
Жүлделі ІІІ-орынды 29 келі салмақ бойынша Исламбек Ұзақбай, 38 келі салмақ бойынша Хамза Омарбек, 50 келі салмақ бойынша Мирас Жалғасбай, 48 келі салмақ бойынша Мұхамедали Сайын, 51 келі салмақ бойынша Абдурашид Сәлімгерей, Бекзат Нурке, 55 келі салмақ бойынша Рамазан Даул алды.
Жарысты қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Балалар жылы» аясында ұйымдастырды.