Жаңаөзен қаласында оқушыны ұрған дене шынықтыру пәні мұғаліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайлы mangystaumedia.kz.
Осыған дейін қаладағы №5 мектеп-гимназияда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімнің оқушыларды ұрған сәті туралы бейнежазбаға тараған болатын. Онда ер адамның сабақ кезінде балаларға айғайлаумен қатар біреуінің шашынан тартып, екіншісін тепкені анық байқалады.
Аталған жағдайға қатысты Жаңаөзен қалалық білім бөлімі арнайы түсініктеме беріп, жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.
"Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылды. Тексеріс қорытындысы бойынша құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты қатаң шара қолға алынады", - деді қалалық білім бөлімінің өкілі.