Маңғыстау ауданының 95 жылдығы қарсаңында Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР спорт саласының құрметті қызметкері Сабақбай Тілегеновтың жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан ІІ республикалық жарыс өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс тоғызқұмалақ ойыны ережесі бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында, яғни 11 жас, 13 жас, 15 жас, 17 жастан жоғары және 40 жастан жоғары ардагерлер арасында өткізілді.
Республикалық турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облысының құрама командасы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласынан барлығы 87 ойыншы қатысты.
II республикалық турнирді аудан әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов ашты. Сонымен қатар Сабақбай Тілегеновтің отбасы, аудан ардагерлері қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы 17 қола, 9 күміс және 7 алтын жүлдені қанжығаға байлады.
Жеңімпаз тоғызқұмалақшылар арнайы диплом, кубок, медаль, сыйлықтармен марапатталды.