Жыл басынан бері маңғыстаулықтарға 40 мыңнан астам әлеуметтік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығынf cілтеме жасай отырып.
Маңғыстау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Әселхан Сәрсеннің айтуынша, 2022 жылы тұрғындарға 43 226 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде 29 382 – халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 9 735- проактивті қызмет(өтініш берушінің мобилді қосымшасы арқылы қызмет алу, яғни егов мобайл қосымшасына тіркелу арқылы автоматты түрде қызмет алу) болған.
- Ал 2 204-электрондық үкімет порталы арқылы болса (электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы электронды түрде өтініш беру), 1 945 - банктердің мобилдік қосымшасы арқылы (Каспий банк, Халық банк) қызмет көрсетілді,-деді Әселхан Сәрсен.
Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша:
Жасына байланысты зейнетақы - 1225; базалық зейнетақы - 1307; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы - 1899 (мүгедектігі бойынша – 1180; асыраушысынан айырылуына байланысты -719); арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 647; мүгедек баланы асырап күтушіге - 440, баланың туылуына және 1 жасына дейінгі күтіміне төленетін - 11076; көпбалалы отбасылар бойынша - 2152 және т.б мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Спикердің айтуынша, сондай-ақ, жыл басынан бері зейнетақы 7%-ға, жәрдемақылар - 5%-ға өскен. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы және жәрдемақылар мөлшері тағы да 4 %-ға артты.