Бұл сұрақты жергілікті тұрғындардың бірі облыс әкімдігінің telegram каналында қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Желі қолданушысы Құрық ауылындағы екі-үш жыл бұрын салынып болуы тиіс болатын, бірақ әлі құрылысы бітпеген кәріз-тазарту станциясын салу қашан аяқталатынын, әрі оған бөлінген 300 млн теңге қаржы қайда жұмсалғаны туралы сұрап сауал жолдаған.
Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, Құрық ауылын кәріз желілерімен қамтамасыз ету мақсатында, 334 млн теңге қаржы қарастырылған.
Жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес, Құрық ауылының көпқабатты 89 үйі және 26 әлеуметтік нысандарына кәріз жүйесі жүргізілді. Сонымен қатар 2-кәріз-сорғы жүйесі (КНС) орнатылды. Ал ауданы 200 м3 кәріз тазарту иммаратының құрылысын жеке кәсіпкер Атаниязов өз қаражаты есебінен жүргізіп жатыр.
- Қазіргі таңда геосаяси жағдайларға байланысты негізгі қажетті құрылғының бөлшектерін шет елден күтіп отыр. Кәріз-тазарту жүйесі құрылысының аяқталып, іске қосылуы Қарақия ауданы әкімдігінің тікелей бақылауында, - дейді Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары МанарТөлегенов.