Заман талабына сай, қажетті мамандықтар да күн санап түрленіп келеді. Көпшіліктің сұранысы бойынша және жұмыс беруші кәсіпорын иелерінің ұсынысымен биылғы жылы Yessenov University білім беру бағдарламалары жаңа мамандықтармен толықты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айқтандай, «бүгінде тәжірибесі және таңдаған мамандығына сұраныстың аздығынан жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеліп отыр. Оған қоса елімізде жүзден астам мамандық жойылып барады, басым бөлігі трансформациялануда және жаңа мамандықтар пайда болуда».
Өздеріңізге белгілі, Есенов университетінің базасында Қазақстандағы бірден бір Теңіз академиясы бар. Маңғыстауда орналасқан порттарда біздің түлектеріміздің қызмет етуде. Сондықтан, заңды тұрғыда да бұл салаға білікті мамандар қажет.
Осыған сай, Бизнес және құқық факультетінің Құқықтану кафедрасында Теңіз құқығы бойынша түлектерге заң бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Теңіз көлігі құқығы мамандығы құқықтық пәндердің кең ауқымды құзыреттерін: сот ісін жүргізу, криминалистика, көліктегі құқықтық реттеу салаларын қамтиды.
Кәсіби қызметтің кейбір функциялары:
• Кеден органының тауарларға алдын ала декларациялау бойынша тауарларды шығару мерзімдерін бұзуы;
• чартерлік шарттарды (жарғыларды) жасау, жасалған шарттарды талдау;
• жүкқұжатты жасау, талдау және түзету;
• теңіз құқығы соттарында өкілдік ету (коносамент, халықаралық теңіз тасымалы келісім-шарттары, жеткізу/келісім актілері және т.б. бойынша даулар);
• жүктерді теңіз арқылы тасымалдау шарттары бойынша берешекті өндіріп алу (тайм-чартер, бербоут-чартер);
• теңіз тасымалының жасалған келісім-шарттары бойынша мердігерлермен сотқа дейінгі және талап қою жұмыстары (халықаралық теңіз құқығы) және басқа да мәселелер.
• Өңірімізде сұранысқа ие жаңа мамандықтардың қатарында инклюзивті, ерекше қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеуде білім беру дағдыларын оқытатын Арнайы педагогика (дефектология) мамандығы ашылды. Бағдарламаның мақсаты өзін-өзі дамытуға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге қабілетті логопедтерді (балалардың сөйлеу тілін түзету, дамыту жұмыстары), педагог-тьюторды (дефектолог) даярлау.
• Дәстүрлі музыка өнері - кәсіби салада сапалы білім алған, дәстүрлі музыкалық өнерді оқыту және эпикалық шығармаларды орындау дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Білім беру бағдарламасы Маңғыстау өнер колледжімен дуалды оқыту, академиялық ұтқырлық арқылы жүзеге асырылады. Мамандық бойынша ҚР ЖОО-да кездеспейтін жаңа пәндер: -Халық ән-жырларының текстологиясы; -Жыршылық мектептердің аймақтық ерекшеліктері енді. Өңірлік ғылыми жобалар жасалатын болады.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Музыка пәнінен сабақ беру
- Сахнада ән, жыр, күй орындау
- Жыр, ән, күй үйрету курстары, тренингтер өткізу
- Театр,мәдениет саласындағы шығармашылық жұмыстар
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары
- Ақпараттық-талдамалық жұмыстар
- Педагогикалық қызмет
- Мәдени, тәрбиелік шаралар ұйымдастыру
- Ұйымдардағы жетекшілік қызмет
• Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығы бірден екі салада қызмет етуге мүмкіндік береді.
Мамандықтар бойынша құжат қабылдау осы айдың соңына дейін жалғасуда. Каспий жағалауындағы бірден бір ЖОО түсіп, сұранысқа ие маман болуға шақырамыз!