Бүгін Приморский шағынауданында қаңғыбас иттер ешкіге шабуыл жасап, өлтірген - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы желі қолданушысы редакцияға видео жолдады.
Тұрғынның айтуынша, иттер шабуылы жыл сайын қайталанады. Осында тұратын балаларға да, ересектерге де шабуыл жасалып жатыр. Ешкім өзін қауіпсіз сезінбейді.
mangystaumedia.kz редакциясы Ақтау қаласы әкімдігінен ресми түсініктеме күтуде.