Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер жасаудан сайыс өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мемлекеттік қызметшілер күні аясында ұйымдастырылған іс-шараның жеңімпаздары анықталып, жүлделерді аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов табыс етті.
3-орын – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, 2-орын – Маңғыстау ауданына қарасты Оңды ауылдық округі әкімдігінің аппаратына бұйырса, 1-орынды Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы әкімдігінің аппараты жеңіп алды.