Ақтауда қала тұрғындарының өтініші бойынша және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция қызметкерлерінің нұсқаулығына сәйкес жасанды жол кедергісі (лежащий полицейский) орнатылып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол кедергілері шағынаудандар арасындағы ішкі жолдарға, мектеп және бала-бақша маңына орнатылады.
Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 4-шағынаудан 58 үй алдына, 5-шағынаудан бойынша 18, 21, 22, 40 үй мен 3-шағынаудан 7 үй алдына, сонымен қатар, 10-шағынаудан 1 үйдің артына орнатылды.
Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін қала бойынша 700 метр жасанды жол кедергісі орнатылмақ.