Кеше ҚР бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Ішкі істер министрлігінің интеграцияланған дерекқорының техникалық ақауларына байланысты көлікті тіркеу және қайта тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылған болатын.
Халыққа қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі таңда жүйе қалпына келтірілді. Мамандандырылған ХҚКО штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.