Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған жәрмеңке 18 жастан бастап зейнеталды жасқа дейінгі азаматтарды қамтиды. Мамандардың айтуынша, қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, "Күміс жас" жобалары арқылы уақытша жұмыс ұсынылады.
Шара 29 шағынаудан 24 үйде сағат 10:00-12:00 аралығында өтеді.