Бүгін Ақтауда катамаранға мінген алты адам жағаға шыға алмай қалды. Оұиға туралы облыстық ТЖД-не сағат 14:30-да қоңырау түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға 1 шағынаудан, «Шағала» қонақ үйі маңындағы жағадан 150-200 м қашықтықта болған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 6 адамды құтқарып, жағаға шығарды. Барлығы - аман-есен. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, құтқаруға Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасынан 2 қызметкер, 1 қайық жұмылдырылды.
"Дауылды ескерту жарияланғанына қарамастан, "Самурадов Ермек" ЖК жүзу құралдарын жалға беруді жалғастырып жатыр. Аталған жағдай бойынша прокуратура мен көліктік бақылау инспекциясына ақпарат жіберіледі", - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы.