Екі күнге жоспарланған мәдени-рухани шаралар маңғаз Маңғыстаудан барған өнер шеберлерінің «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» салтанатты шарасымен басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шара аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев «Түркістан облысына Маңғыстаудан тарту» кіші архитектуралық ескерткішін салтанатты түрде ашты.
Облыс әкімінің орынбасары Түркістанға Маңғыстау облысы әкімінің ыстық сәлемін жолдап, бұл сапар ежелгі адамзат өркениетінің озық жетістігі - Ұлы Жібек жолының сан тарамдары кесіп өткен қос өңірдің сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани байланысының жаңа бір деңгейге шығатынын айтты.
-Мәдени күндерін өткізудегі басты мақсат - бағзы бабадан бүгінге жеткен осы рухани-мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау, өскелең өрендердің жадында жаңғырту арқылы ұлтжандылық, отаншылдық сана-сезімді ояту,-деді Ұ.Тналиев.