Маңғыстау облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері тұрғындарға 2 951 403 теңге қайтарған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте департамент басшысы Рауан Мұхаев, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, жыл басынан бері маңғыстаулықтардан 247 өтініш түскен.
- Оның ішінде жазбаша - 64, телеграм-бот арқылы – 15, жеке қабылдауда – 72 және жедел желі бойынша консультация - 81. Департамент 247 өтінішті қарады. Оның 35-і қанағаттандырылды, 198-і түсіндірілді. Шағымдарды талдау барысында, сапасыз тауарларды сатып алудан туындайтын мәселелер, атап айтқанда тауарларды айырбастау және қайтару мәселелері; жиһаз жасау мен жөндеуді қоса алғанда, тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасыз көрсетілуі; көлік қызметі саласында оның ішінде билеттерді қайтару кезінде ақшаны қайтарудан бас тарту мәселесі көптеп кездеседі, - деді Рауан Мұхаев.
Департамент тарапынан жыл басынан бері ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты төрт тексеру болған. Атап айтқанда, «Arena-S» (Сулпак) ЖШС-ге қатысты шағым келіп түскен. Тексеру жүргізіліп, бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылған. «КаР-Тел» (Билайн) ЖШС-не қатысты шағым қаралып, ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. «Мечта-маркет» ЖШС-не қатысты шағым бойынша тексеру жүргізілген және мамандар өз кінәсін мойындаған. Ал «Кари кз» ЖШС-не қатысты арызда бұзушылықты жою туралы ұйғарым шыққан.