Жаңаөзен қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жазғы маусымы салтанатты түрде ашылды. Бағдарлама аясында 300 жас жұмыспен қамтылды, -деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Енді жастар екі ай бойы туған жерді көркейтіп, гүлдену жолында еңбек етеді.
Қатысушылардың дені – аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балалары.
Алғашқы лек 9 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі. Күніне төрт сағат еңбек ететін жастарға уақытты қызықты өткізу үшін түстен кейін коворкинг орталығында тренингтер мен тимбилдингтер, түрлі сауат ашу курстары өткізілмек.
- Жас буынды еңбек етуге ынталандыратын «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулуға, сонымен қатар, қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттайды. Жас өрендерді өз қаласы мен ауылының көркейе түсуіне үлес қосуға шақырамын, - деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов.