Ақтау қаласында 14 көпқабатты тұрғын үйге жаңа жеделсаты орнатылып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, 9 шағынаудан 22 үй, 13 шағынаудан 1 "а" үй, 27 шағынаудан 67 үй, 5 шағынаудан 13,14,22 үй, 6 шағынаудан 37,38,40, 7 шағынаудан 21,22 үй, 11 шағынаудан 6а, 8б үй, 29 шағынаудан 24 үйге жаңа жеделсатысы жаңартылып жатыр.
Тұрғын үйдің барлығы 7, 9 және 11, 13 қабатты. Жаңа жеделсатыларды орнатуға «Лифтек» ЖШС жауапты.
Бұл жұмыстарға қаражат бюджеттен бөлінді. Ал мердігер мекеме мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталды.
Айта кетейік , былтыр 15 тұрғын үйге жаңа жеделсаты орнатылған болатын.