9 маусымда сағат 15.00-де "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына бір топ адам жиналып, компанияға жалпы кезектен тыс жұмысқа орналастыруды талап етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- “Кезектен тыс жұмысқа орналастырудан бас тартқаннан кейін, олардың екеуі - азамат С.К. және азамат С. Т. (бұрын сотталған) алдыңғы құрсақ қабырғасы мен білегіне жарақат жасады. Екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды. Оларды қабылдау бөлмесінде тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін айтты. Ауруханаға түскендердің бірі ауруханадан бас тартып, шығып кетті”, - делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдіктік мәліметіне сенсек, жоғарыда аталған азаматтар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жалақысы 250 мың теңге болатын жеке компанияға жұмысқа орналастырылған.
- “Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу қабылданған алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүріп жатқаны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезектен тыс жұмысқа орналасу басқа да жұмысқа орналасатын үміткерлерге әділетсіз болады”, - деп түсіндіреді әкімдік.