© Суретті түсірген Т. Құсайын
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева мәлімдеді.
Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап «Pfizer» американдық компаниясымен бірлесе отырып «Biontech» неміс компаниясымен өндірілген жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді «Комирнати» екпесімен вакцинациялау басталды.
- Бүгінгі таңда өңірде «Комирнати» вакцинасының 1-ші компонентімен - 4277 адам егілді. Оның ішінде 2464-і 12-17 жастағы жасөспірімдер болса, бала емізетін әйелдер саны – 1204, жүкті әйелдер саны– 609. Ал «Комирнати» вакцинасының 2-ші компонентімен – 1150 адам егілді. Облыста «Комирнати» вакцинасымен егілетін контингент саны анықталды, барлығы – 91 280 адам, - деді Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева.
Өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясының КВИ жағдайы тіркелген жоқ.
Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезеңінде жұмыс істейтін объектілердің санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды. Бүгінде облыста 50 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қаңтары мен 30 желтоқсан аралығында мониторинг топпен 3914 рейд жүргізіп 18942 объектіні тексерді. Оның ішінде 128 бұзушылық анықталды. ӘҚБтК –тің 425-бабы 1 бөлігі бойынша - 128 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.