Жыл басынан бері Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансерінде 114 пациент ем алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің басшысы Татьяна Лаврова мәлімдеді.
- Күндізгі стационарда 134 науқас псориаз, атопиялық дерматит, герпетиформды дерматит, дерматомикоздар ауруларынан емделді. Амбулаториялық бөлімшеде дерматовенерологқа 5467 тұрғын қаралды, соның ішінде 2710 бала бар, - деді диспансер басшысы Татьяна Лаврова.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының тері-венерологиялық диспансері 50 келушіге арналған. 25 төсектік стационарлық бөлімше тәулік бойы, ал күндізгі стационар 15 адамға қызмет көрсетеді.