2021 жылы Табиғимонополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Табиғимонополиялартуралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, 2020 жылғы есепті кезеңде 44 табиғи монополия субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаларды орындау бойынша 76 есеп, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша 15 ТМС есептеріне талдау жүргізді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, 2020 жылдың есепті кезеңінде 18 табиғи монополия субъектілер келтірген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшін, уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы шешімдер қабылданды.
Осылайша, талдау қорытындысы бойынша 18 субъектігеуақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, жалпы соммасы 14 701 680 тенге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде 11 табиғи монополия субъектісіне әкімшілік іс қысқартылған тәртіпте қаралып, 4 589 320 тенге айыппұл төленді, яғни, жылумен қамту саласы бойынша – 3 ТМС-де (1 қызмет бойынша) тарифтік смета орындамағаны үшін, электр энергетикасы саласы бойынша – 3 ТМС-де (1 қызмет бойынша) тарифтік смета орындамағаны үшін, сумен жабдықтау және су бұру саласы бойынша – 7 ТМС-де (1 қызмет бойынша) тарифтік смета орындамағаны үшін және 2 ТМС-де инвестициялық бағдарламалар орындалмағаны үшін, кірме жолдар саласы бойынша - 3 ТМС-де (1 қызмет бойынша) тарифтік смета орындамағаны үшін.