Бүгін Қытайдың Шэньчжэнь қаласында химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы басталды. Ел намысын 2023-2024 оқу жылындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары арасынан іріктелген 10-12-сыныптың он оқушысы қорғайды. Команда құрамында маңғыстаулық 3 оқушы бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, «Білім-инновация» лицей-интернатынан Әліби Мұғалім, Әділжан Молдағұл және Райымбек Габдолла бақ сынайды. Сонымен қатар қазақстандық команда құрамын Павлодар, Астана, Алматы, Қарағанды қаласының оқушылары толықтырған.
Команда жетекшілері - Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, Phd доктор Елдана Бахытжан және KBTU 4-курс студенті Санжар Бегдаир. Айтуынша, олимпиада алты күнге созылады және екі теориялық, бір эксперименттік кезеңді қамтиды.
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, білім бәйгесіне әлемнің 29 елінен келген оқушылар қатысып жатыр. Ал шілдеде химиядан Халықаралық Менделеев олимпиада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Сондықтан да бүгін басталған олимпиада Қазақстан құрама командасы үшін маңызды болмақ.