Жыл басынан бері Ақтау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының "102" кезекші пультіне түрлі сипаттағы 5 961 шақырту келіп түсті. "Азаматтардың, хабарламаларын қабылдау процесінің, омниканалдығы" бойынша тәулік бойы жұмыс істеп тұрған мобильді косымша арқылы барлығы 38 хабарлама тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы полиция басқармасының мәлімдеуінше, үш айдың қорытындысына сәйкес, ЖБО қызметкерлерімен қала аумағында 285 қылмыс ашылып,
8 066 құқық бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық қауіпсіздікті үздіксіз қамтамасыз етіп отырған қырағы сақшылармен бейнебақылау камералары арқылы 1 383 ұсақ бұзақылық дерегі тіркеліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұдан бөлек 433 тұлғаға қатысты әкімшілік кодекстің, 440-бабымен шара қолданылып, тиісті хаттамалар жасақталды.