Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Маңғыстау облысындағы филиалының ұйымдастыруымен қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың хабарландыру, жарнама мәтіндеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Маңғыстау облысындағы филиалы, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департментінің өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты. Мониторинг ҚР «Тіл туралы заңының» талаптарына сәйкестігін тексеру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
-ҚР «Тіл туралы заңының» талаптарына сәйкес хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпараттың мәтіні мемлекеттік тіл қазақ тілінде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде орналастырылады. Мәтінді зерделеу барысында заңнама талаптарын бұзған кәсіп иелеріне заң бұзушылықтарды қалпына келтіру бойынша ұсыным хаттар берілді. Кәсіп иелеріне мәтінді түзету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деді Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбай.