23 қыркүйек күні Шекара қызметі Аташ ауылындағы жеке үйдің бірінде тоңазытқышқа жасырылған 215 келі бекіре тұқымдас балықты тапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған факт бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және тиісті сараптамаларды тағайындады.
Айта кетейік, оқиға Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шарасы барысында болды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен алынды